ЖШС «Иштаев Е.А» «Айгөлек» жеке бөбекжайы
Директор: Иштаев Ермек Амиржанович
Меңгеруші: Иштаева Фарида Куанышкалиевна - көп жылдар бойы Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде оқытушы қызметін атқарды. Облыстық ҚІӘҚ (АДЖК) құрамының мүшесі. 2020жылы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Алғыс хатына ие болды.
{gallery}it11/1{/gallery}
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Брусиловский көшесі 19\1
Балалар саны - 64,топтар саны – 3, оқыту тілі – мемлекеттік тіл.
Мамандар тізімі: балабақшада істейтін жұмысшылар саны – 15 адам.
Бөбекжай ұжымында: бөбекжай құрылтайшысы, директор, әдіскер, тәрбиешілер, музыка пәнінің жетекшісі, логопед, хореограф мұғалімдері, тәрбиешілердің көмекшілері, есепші, мед. бике қызмет атқарады.
«Айгөлек» жеке бөбекжайы 2017 жылдың қыркүйек айында ашылып, балаларды қабылдады.
Бөбекжайда 3 топ бар. Кіші «Ай» тобында 2-3 жас аралығындағы 23 бала тәрбиеленеді. Орта «Шуақ» тобында 3-4 жас аралығындағы 16 бала. Үлкен «Гүл» тобында 4-6 жастағы 25 балалар тәрбиеленеді.
Бөбекжайда балалардың тәрбиеленіп, білім алуына барлық жағдайлар жасалған.Бала санына сай үстел, отырғыштар, керуеттер, ыдыс-аяқ бар.Ойын бөлмесінде балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойыншықтар,оқу құралдары бар.
Балабақшадағы оқыту мен тәрбие жұмысы Мемлекеттік Стандартқа сәйкестендіріліп құрылған. Әдістемелік отырыстарда жылдық жұмыс жоспарлары, тәрбие жоспарлары сабақ кестелері қаралып бекітілді.Әр топтың күн тәртібі толықтай орындалады.
Оқу жылының басында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы», Стандарт талаптарына сәйкес: Перспективалық жоспар бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрастырылып №1Педагогикалық кеңесте қарастырылды және бекітілді.
Балалардың қызығушылықтарын есепке ала отырып, дамытушы орталықтар дайындалды.
Тәрбиешілер төмендегі көрсетілген міндеттер бойынша жұмыс істейді:
1.«Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру»
2.«Мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара сөйлеу тілін ойын арқылы жетілдіру».
3.«Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» (семинар арқылы)
1.Ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық әдіс-тәсілдерді жас ерекшіліктеріне сай іріктеу.
2.Балалардың тілдерін дамытуда технологияларды жүйелі түрде қолдану.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту, сенсорлық қабілеттерін қалыптастырып, коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін таныту.
3.Оқу қызметінде инновациялық технологияларды қолдануда даму диагностикасы мен жұмыстың қорытындысын жасау.
4.Балалардың байланыстыра сөйлеу қабілетін инновациялық оқыту технологиялары арқылы жетілдіру кезінде байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, үш тілде мазмұндауға үйрету;
- жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай- ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздерінің мағыналарын орыс және ағылшын тілдерінде үйрету;
- тілдерін жетілдіру арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу;
- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды таныстыруды тереңдетіп, соның негізінде баланың сөздік қорын байыту;
- баланың таным үдерісінің ( қабылдау, ойлау, ұғым және т.б.) дамуы оның сөздік қорын дамыту.
Белсенді қимыл іс-әрекет негізінде балалардың денсаулығын нығайту үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығуларды, денешынықтыру сабақтарын қызықты өткізу;
- спорттық шаралар мен ойындарға, дене шынықтыру жаттығуларына белсенді қатысуға баланың қызығушылығын дамыту және тәрбиелеу;
- негізгі қимыл –қозғалыс ойындарын дамыту;
Оқу жылының басында бөбекжайдың жылдық жұмыс жоспары құрылды. Онда педагогтардың педагогикалық шеберліктерін жоғарылатуға бағытталған мерекелік іс- шаралар, кеңестер, педагогикалық кеңестер жоспарланып, барлық шаралар уақтылы өткізіліп орындалды. Бөбекжаймен ата-аналар арасындадағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жоспарға сәйкес ата-аналар жиналыстары, отбасылық ойын-жарыстар, табиғи және қолданыстан шыққан заттардан қолөнер сайыстары, «Күз мереке-күз береке», «Ертегілер әлемінде» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен бірге ата-аналарға арналған кеңестер жаңартылып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.
Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді.
Биылғы оқу жылында балабақшаның алға қойған мақсаты : «Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық рухани тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу- оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану».
Бастапқы кезеңде барлық балалар балабақша күн тәртібіне бейімделмеген болып келді. Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, түбекке отыруды, беті қолын үлкендердің көмегімен жууды, үлкендердің көмегімен киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.
1 қыркүйек күні, балаларға білім күні жайында түсінік беру, өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету мақсатында бөбекжайымызда салтанатты ашық шара өтті.
{gallery}it11/2{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешілері Акжонас Берікқызымен Айсана Жасенбайқызы 1 қазан қариялар күніне орай өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым алтын қазынам» атты ашық оқу іс-әрекеттерін өткізді.Балалар ата-әжелеріне арнаған тақпақтарын айтып, өлеңдерін шырқап, «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей жеті аталарын жатқа айтып беріп, белсенділіктерін танытты.
{gallery}it11/3{/gallery}
«Шуақ» тобының тәрбиешісі Л.Е.Кусаинова күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, күзгі ағаштарға назарларына аудару. Күзгі ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу мақсатында «Күзгі ағаштарды бақылау» тақырыбында тобымен серуенге шықты.
{gallery}it11/4{/gallery}
Бөбекжай құрылтайшымыз Иштаев Ермек Амиржановичке тореалқа төрағасы Р.Балтаевтан «Құрмет грамотасын» алып, және бөбекжай директоры Иштаева Фарида Куанышкалиевнаны Елордамыз Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының» 10 жыл толуына орай ҚҮББҚ басшысы Л.И.Куленова төсбелгісін тағып, куәлік және Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, «Ұстаздар күніне» орай Білім Министрі Ғани Бейсенбаев «Айгөлек» және «Айгөлек+» бөбекжайларымызға Алғыс хаттарын жолдады.
{gallery}it11/5{/gallery}
Әдіскер Л.А.Нагимова «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында өткен облыстық семинарына қатысты.
{gallery}it11/6{/gallery}
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. «Шуақ» және «Гүл» топтары «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздар күніне арнаған мерекелік ән-шашу.
{gallery}it11/7{/gallery}
Қазан айында «Шуақ» тобының тәрбиешісі Л.Е.Кусаинова Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру мақсатында «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты мерекелік ертеңгілік өткізді.
{gallery}it11/8{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешісі Борис Ақжонас және Айсана Жасенбайқызы «КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілікті сайыс түрінде оздырды.Сайысқа тәрбиеленушілеріміз өте белсенді қатысып, І тур «Күз кереметтері» қатысушылар ортаға өз қолдарымен жасаған қолөнерлерін, ІІ тур «Өнерлі бала-елдің көркі» ән мен билерін және ІІІ тур «Сұлулық сыры» атты пакеттен тігілген сән үлгілерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешеумен Бас жүлдені Оразғали Нұрберген, І орынды Мерғалым Мансұр, ІІ орынды Тлеген Еркеназ алса, ІІІ орынды Жанбай Нұради мен Уалиахметова Мединаға берілді.
{gallery}it11/9{/gallery}
{gallery}it11/10{/gallery}
«Ай» тобының тәрбиешісі Қ.Б.Жаналиева “Қош келдің Алтын күз” атты ертеңгілігінде, балаларға көкөніс пен жеміс – жидекті ажырата бөліп, себеттерге салдырып, балалардың бастарына қағаздан қиылған жемістер мен көкөністерді киіп,топқа бөлінді. Бақта, бақшада не өсетіні туралы мағлұмат берді. Алтын күз туралы әндер айтылып, би қимылдары жасалды.
{gallery}it11/11{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешілері «Менің үйім» тақырыбында, балаларды пішіндермен (ұшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру; геометриялық пішіндерден (ұшбұрыш, төртбұрыш) үй құрастыруды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу мақсатында оқу ісі әрекетін өткізді.Тәрбиешілер алдын ала орындалатын жұмыс жүргізіп, үйдің қабырғалары, үйдің төбесі, үйдің терезесі болатыны туралы айтты.
{gallery}it11/12{/gallery}
Айсана Жасенбайқызы «Гүл» тобына бойынша «Күзгі жапырақтар» тақырыбында Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізді.
{gallery}it11/13{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешісі Борис Ақжонас Берікқызы №42 «Ақ ниет» балабақшасында өткен «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстану және құжаттарды жүргізу тәртібі» тақырыбында өткен семинарға қатысты.
{gallery}it11/14{/gallery}
Қызылорда қаласында өткен «Эдельвейс», «Orda,kz» баспа үйлерінің демеушілігімен «Қазақстанның үздік балабақшалары» атты кітабының арнайы табыстау презентациясының қадірлі қонақтары болып, салтанатты кеште қызыл кілеммен жүріп өтіп, бөбекжай директоры Ф.К.Иштаева, әдіскері Л.А.Нагимова және тәрбиешілері Қ.Б.Жаналиева, Л.Е.Кусаинова, «Айгөлек+» бөбекжайымыздың тәрбиешісі О.Ғ. Атауова «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
{gallery}it11/15{/gallery}
Қараша айында тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту, ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру мақсатында «Отбасымен балабақша ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде осындай мәселелер айтылып, шешілді...
- Сәлемдесу – «Шуақ» тобының тәрбиешісі Кусаинова Лунара Ермековна.
- «Таныстыру» тренингін өткізетін «Гүл» тобының тәрбиешісі Муфтуллина Айсана Жасенбайқызы.
- Бөбекжай ұжымымен және ата – аналар жиналысының мақсатымен, күн тәртібімен таныстыру – Балабақша әдіскері Нагимова Лаура Айкыновна (слайд)
- Балабақша директоры Иштаева Фарида Қуанышкалиевнаға сөз кезегі беріледі.
- Сергіту сәті – «Гүл» тобының тәрбиешісі Борис Ақжонас Берікқызы.
- Балабақша мед бикесі: Байгазиева Сара Молдагалиевна
- «Кеме» сергіту сәті – өткізетін «Ай» тобының тәрбиешісі Жаналиева Қаламқас Бақытжанқызы.
- Ағымдағы мәселелер. (Балабақшаға кешікпей келу,температурасы бар ауырған балаларды балабақшаға толықтай емдеп барып әкелу,тәрбиешілерді сағ 7 ден кейін мазаламау, балабақшаның іш-шарасына белсене қатысу,төлемақыны уақытында төлеу.Төлей алмаған жағдайда алдын-ала ескерту ).
- Сұрақ - жауап алмасу.Ата-анамен тәрбиешілер арасында.
{gallery}it11/16{/gallery}
Қазақ халқының дәстүрлі спорттық ойын әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығына және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын,белсенділігін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту минстрлігі «Балаларды ерте дамыту институты»республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Әкем –асқар тауым» сырттай байқауына «Гүл» тобының тәрбиеленушісі Кенжеғали Сырғалым және «Шуақ» тобының тәрбиеленушісі Ержанова Ясина жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Жетекшілері «Гүл» тобының тәрбиешісі Борис Ақжонас Берікқызы және «Шуақ» тобының тәрбиешісі Кусаинова Лунара Ермековна
{gallery}it11/17{/gallery}
№50 «Заңғар» бөбекжайында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысының ұйымдастырылуы» атты тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған семинар-практикумына «Гүл» тобының тәрбиешісі Муфтуллина Айсана Жасенбайқызы қатысып келді.
{gallery}it11/18{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешісі Борис Ақжонас Берікқызы №40 «Болашақ» балабақшасында өткен «Мектепке дейінгі ұйымда нәтижеге бағытталған тәрбие мен оқытудың ынтамақтастықта ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарға қатысып, кейін тәрбиешілерге бағдарлама бойынша көргенін айтып, бөлісті.
«Шуақ» тобының тәрбиешісі Л.Е.Кусаинова Атамекенде өткен балабақша басшыларының жиналысына қатысып келді.
На повестке дня: 1. Развитие услуг частных детских дошкольных организаций. - зам. председателя Комитета- Лаврентьев Б.Г. 2. Актуальные проблемы частных дошкольных организаций нашего региона. - руководитель подкомитета частных дошкольных организаций Пайдина Б.Ш.
«Шуақ» тобының тәрбиеленушісі Кунеева Улана ІІ Республикалық «Алтын қазына» өнер байқауына 3-4 жас аралығындағы, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша «Тәуелсіздік ел ұраны» атты әнімен байқауға қатысып, жүлделі І ші Дәрежелі Лауреат Дипломымен кішкентай өнерпазымызға статуэтка табыс етілді, сонымен қатар жетекшісі Кусаинова Лунара Ермековнаға және «Айгөлек» бөбекжайының ұжымына Алғыс хаттар берілді.
{gallery}it11/19{/gallery}
№13 «Золотой ключик» бөбекжайында «озат тәжірибе – ортақ іс» қалалық семинарына «Шуақ» тобының тәрбиешісі Л.Е. Кусаинова және «Ай» тобының тәрбиешісі Қ.Б.Жаналиева қатысып келді.
{gallery}it11/20{/gallery}
№3 емхананың Лор дәрігерлері келіп, балалардың құлақтарын аппаратпен тексерді.
{gallery}it11/21{/gallery}
Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күн - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан «Айгөлек» бөбекжайымыздың тәрбиешілері балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру мақсатында «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» атты оқу ісі әрекетін оздырды.
{gallery}it11/22{/gallery}
«Әлем-Нұр» жаңа бөбекжайымыз ашылып, балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату мақсатында «Қош келдің Жаңа жыл» атты шыршасы өтті.
{gallery}it11/23{/gallery}
«Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері де Жаңа жыл мерекесін атап өтті.
{gallery}it11/24{/gallery}
Бөбекжайларымыздың Нейро педагогі Сатенова Аягүл Жамбыловна: Баланы физиологиялық және әлеуметтік психологиялық дайындау:
-Баланың екіжартышарын дамыту;
-Алдыңғы мидың толықтай дамуына жағдай жасау;
-Қол бұлшықеттерін дамыту;
-Дененің толықтай дамуын қалыптастыру;
-Көру, есту, жүйке жүйесін дамыту мақсатында, Нейропедагогика тұрғысынан айтатын болсақ, коррекциялық жұмыстар жүргізу арқылы баланы дамыту жолдарының жұмыстарын жүргізуде
{gallery}it11/25{/gallery}
«Айгөлек» бөбекжайымыздың ата-аналарына қазіргі кездегі Қазақстанда балалардың қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының өршуіне байланысты бөбекжай мед бикесі Байгазиева Сара Молдагалиевнамен ата-аналар жиналысын өткіздік.
«Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті? Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.
Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Балаларыңызға мұқият болуды сұраймыз!» - деп аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылатынын айтты.
{gallery}it11/26{/gallery}
Қ.Б. Жаналиева «Ай» тобына Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру, қамқорлық жасап, сәбіз беру мақсатында «Қоянға арналған сәбіз» атты ойынын ойнатты. Сонымен қатар балаларға қыста киетін қолғапты әшекейлеп боятты.
{gallery}it11/27{/gallery}
«Гүл» тобының тәрбиешісі А.Б.Борис тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат сырларын танып білуге баулу. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларын қалыптастыру.Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым — қатынастарын қалыптастыру мақсатында «Сабынды көпіршіктер» атты тәжірибе жасап көрсетті.
{gallery}it11/28{/gallery}
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Үй жануарларына байланысты жұмбақ, тақпақтар айтқызып сұрақ - жауап арқылы балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу, жан-жануарлардың дыбысын үйрету мақсатында «Не қандай дыбыс шығарады?» балаларға дидактикалық ойын ойнатты.
{gallery}it11/29{/gallery}
«Шуақ» тобының тәрбиешісі Л.Е.Кусаинова балаларға өздеріне ыңғайлы әдемі жарасымды қағаз бетіндегі қолғаптарын қалаған түрлі түсті қиынды қағаздарымен әшекейлеп жапсыртты.
{gallery}it11/30{/gallery}




